Басты бет » Мақал туралы

Сайт туралы

      Ak-Sakal – қазақ мақалдары мен мәтелдерінің ең үлкен жинағы. Көпшіліктің пікіріне қарамастан, қазіргі уақытта мақалдар мен мәтелдер өткен онжылдықтармен салыстырғанда анағұрлым көп сұранысқа ие, себебі жүздеген адамдар интернеттен қазақ тіліндегі мақалдар мен мәтелдерді іздейді.
Бұл сайтта басқа сайттардағы сияқты қателіктер мен олқылықтар кездеседі. Оның себебін «2007 жылы жарық көрген «Қазақ мақалдары мен мәтелдері» атты қазақ және орыс тілінде жарық көрген мақалдар мен мәтелдер жинағынан алынған үзінділер» тарауынан оқыңыз.

Мақалдар мен мәтелдер туралы

       Көптеген жылдар, онжылдықтар және тіпті ғасырлар бойы халық даналығы ақылды сөздер – мақалдар мен мәтелдерде жинақталды. 
«Мақал» және «мәтел» деген не? Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық қандай? Бұл мақаланы оқушылардың 90 %  бұл сауалға жауап таба алмайтындығына сенімдімін.
Қандай да бір сөзді, нақыл сөзді, мақалды немесе мәтелді қолдана отырып, бұл жөнінде ойлана қоймайтындығымыз cөзсіз, себебі бұл екі ұғым егіз секілді, бір-бірінен ажырамайды. Шын мәнінде, мақалдар мен мәтелдердің арасындағы ұқсастық олардың халықтығы мен ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан даналық ойларының ұқсас болуында. 
Мақал – толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірибе жүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қағида көрініс табады. Мәтелді «мақалдың жартысы» деп, не болмаса «аяқталмаған мақал» деп те тануға болады.
Мәтел – аяқталмаған ойға негізделмеген, образды түрде суреттелген тұспалмен берілген қысқа ой. Оқушы мәтелдегі ойдың астарын өзі тауып алуы талап етіледі. 
Қазақ мақалдары мен мәтелдері – Қазақстан халықтары тарапынан туындаған даналық ойға негізделген орынды айтылған сөздер жиынтығы. Мақалдардың басым бөлігі тең дәрежелі, ұйқасқа негізделген екі бөліктен құралған. Мақалдар, әдетте тура және ауыспалы мәнмен беріледі. Бір мағыналы ойдың бірнеше түрлі мақал арқылы көрініс табу жағдайлары да (моральдық инвариант) жиі кездеседі.
Өз тарихында сөз даналығын жинақтамаған халық жер бетінде жоқ деп айтуға әбден болады. 
Сонымен халық мақалдары мен мәтелдерінің дереккөзі ретінде сол халықтың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін қарастыру қажет, көп жағдайда мақалдар мен мәтелдерді жасаушы халық деп есептелгенмен, кейбір жазушылар тудырған мақал-мәтелдер де баршылық. 
Нақты кім екені есімде жоқ, бірақ халық даналығының тасымалдаушысы қарапайым халық деген нақыл сөз есімде қалыпты. 

«2007 жылғы «Қазақ мақалдары мен мәтелдері» 

атты мақалдар мен мәтелдердің орыс және қазақ 

тіліндегі жинағынан алынған үзінділер. 

       Белгілі жазушы және аудармашы Герольд Бельгердің ұсынысы бойынша үш автор тарапынан жасалған бір мақалдың аудармасын мысал ретінде келтіруге болады. Қазақша мәтін:
"Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар,
Қара көзден нұр кетсе,
Бір көруге мұң болар ”
Әдетте, бұл мақалдың алғашқы екі жолы ғана қолданылады. Жолма-жол аударғандағы мағынасы: «Арғымақ ат арып шаршағанда, оның қарға ұшып жететін жерді еңсеруінің өзі мұң болады». Бірінші автордың аудармасы: «Арыған арғымаққа қарғаның адымы қашық болып көрінер». Бұл аудармада мақалдағы аттың кәрілігі мен оған байланысты туындайтын қиындықтар туралы ой түсіп қалған. 
Екінші аударма: «Арып шаршаған атқа қарғаның адымын өткерудің өзі қиын». Ең дұрысырағы үшіншісі: «Арғымақ аттың арып шаршауы – қарға адым жерге жетуді мұң қылар». Бірақ, бұл жердің өзінде де кейбір сөздер артық. Ал, мақалдар мен мәтілдердің құндылығы олардың қысқа әрі нұсқа болып келуінде. Сонда олар тез есте қалады. Менің аудармам бойынша: «Арғымақ аттың арығанда – қарға адым жерге жетудің өзі мұң болады». 
Қазақ мақалдары мен мәтелдері ұйқасқа құрылған екі жол немесе төрт жолды өлең болып келетіндіктен, оны аудару кезінде сол ұйқасты сақтап ақлудың да маңызы зор. Алайда, тәжірибе жүзінде бұл сапаның жоғалуына әкеліп соғады. Аудармашы-ақын Наум Гребнев Орта Азия және Солтүстік Кавказ халықтарының мақалдары мен мәтелдерін аудару мәселесімен айналыса отырып, өзінің 1987 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрген «Қазақ мақалдары мен мәтелдері» жинағының алғысөзінде былай дейді: «Мен қазақ мақалдары аударылған күннің өзінде орыс халқының күнделікті тілдік қолданысына еніп кетеді деп айта алмаймын.Және осы сөзін былай дәлелдейді. Мынадай мақал бар: 
"Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның”.
Тура және әдеби аударма жасағанда ол былай көрініс табады: «Ескі киімді күтсең – жаңаны сақтайсың. Гребнев былай аударады: 
«Халатың ескі болса да – 
Оны есепке алмасаң да.,
Ескі киіміңнің құнымен
Жаңа киіміңді сақтай алмайсың».
Ең алдымен, нақыл сөздің мағынасын беруге тырысу қажет. Және оны аудару барысында ондағы қысқалық пен нұсқалық та жойылып кетпеуі қажет. Жинақтың екі тілде берілуі мақалдар мен мәтелдердің тақырып бойынша жіктеліп берілуіне мүмкіндік туғызып отыр. 
Құрастырушы және аудармашы 
Мадат Акылбайулы Аккөзин  


Мақалдар жайдан жай айтылмайды.
1941 жылдың күзінде жеті жасқа толар толмас шағымда мен Есіл жағалауындағы қазақ ауылына тап болдым. Қазақ достарыммен араласып-құраласып жүріп, қазақ тұрмыс-тіршілігінің өзіндік сырларын тану нәтижесінде мен бұл халықтың әрбір себеп бойынша айтылатын сөздерінің өзіне ерекше мән беретіндігін аңғардым. Ауыл тұрғындары мақалдар мен мәтелдерді өте көп білетін және дастарқан басындағы бір шәйдің үстінде талай мақал-мәтелдің басын қайыратын, ондағы ойлар өзінің терең мағыналылығымен, сөз өрнектерімен, фонетикалық дыбысталу ерекшеліктерімен, нақтылығымен, даналығымен, көпастарлы мағынасымен ерекшеленетін. Олар есте тез қалатын және үнемі тілдің ұшына оралатын. 
Ауыл мектебінің 7-8 сыныбында оқушы бола жүріп, мен оларды дәптерге теріп жазып жүрдім, бірақ кейіннен бұл ісімді тастап кеттім: біріншіден, қазақтардың қолданысындағы мақалдардың көптігі сондай, оған ешқандай дәптер жетпес еді, екіншіден, оларды маған дейін де қаншама ғұлама адамның жинағанын анықтадым, үшіншіден уақыт өте келе бұл секілді мақалдар мен мәтелдердің қазақ халқында ғана емес, басқа халықтарда да өте көп кездесетінін түсіндім.
Шынында да солай. Орыстар былай дейді:
Мақалдан қашып кете алмайсың. Мақалды базарда саудаға сала алмайсың. Мақалға сот та, жаза да жоқ. Ескі мақал ғасырлар бойы сынын жоймайды. Мақалсыз өмір жоқ... Және т.б.
Қазақтар айтады:
Мақал – сөздің көркі. Жақсы сөз – жанға тірек.
Көз беттің ажары, сөз ауыздың ажары. Піл көтермегенді тіл көтереді. Жақсы сөз – жарым ырыс.
Көшпенді қазақ халқы тіл көркемдігіне айрықша көңіл бөлген. 
Бұл секілді мысалдар неміс халқында да, өзбектерде де, африка халықтарында да, еврейлерде де кездеседі. 
Және, ең таң қаларлығы белгілі бір сентенция барлық халықтарда кездеседі. Гиви Гачечиладзе төмендегідей қарапайым мысал келтіреді:
«Шығып келе жатып, аяқ өткелге алғыс айт» (груз.).
«Секіріп өтпей, әуп деме» (орыс).
«Орманнан шықпай жатып ысқырма” (ағылш.)
«Ұрыссыз жеңісіңді тойлама» (франц)
«Түн келмей, күнді мақтама» (нем.)
«Жаңғақ қапқа түспей жатып, төрт деме» (испан)
Бұл секілді жағдайларда қазақтар былай дейді:
«Қысыр қашардың уызына мастанба”
Ұлттар әр түрлі болғанымен, айтылып отырған мақалдардың айтар ойы  - бір. 
Мақалдарды мағынасы мен сыртқы түр-сипатын сақтап аудару – өте қиын.  Кейде тіпті – мүмкін емес. Әдетте екеуінің бірін құрбан етуге тура келеді: не мәні, немесе сыртқы түрі. Алғашқысы да, екіншісі де – жоғалту деген сөз. 
Бұл ойды екі мысалмен дәлелдеп көрейін. Қазақтар былай дейді: «Тазы таранғанша той тарқар». Тура аударсақ «Тазы таранып болғанша – той аяқталады». Алайда, қазақтардың қолданысындағы мына ерекшелікке назар аударыңыз: т-т-т-т. Ал орыс тілінде дәл осылай аудару мүмкін бе? Ақын Мұзафар Әлімбаев бұл міндетті тамаша орындаған: «Пока плешивый причешется – пир пройдет». Қарап отырсаңыз, бес сөздің басында келетін п дыбысының мақалдың мәнін берудегі мәні өте зор. 
Немесе, "Қара арғымақ арыса, қарға адым мұң болар”. Беретін мәні: Қара арғымақ арыған кезде, ол үшін қарғаның адым жасайтын қашықтығын жүріп өтудің өзі мұң болады. Бірақ оны дәл осылай ар-ар-ар-ар-ар дыбыстарына басымдылық берілетіндей етіп аударуға бола ма?Бақытжан Момышұлы дәл осы ерекшелікті дөп басып таба білген: «Одряхлел вороной - вороний шаг верстой покажется». «вор-вор-вер» буындарының айтылуына еріксіз назар аударылады. Бұл – аудармашының тапқырлығы.
Герольд Бельгер
Жазушы, аудармашы




Бізді іздеу беттерінде келесі сұраныстар бойынша табуға болады



  Мақал мәтелдер  қазақша

  Мақал мен мәтелдер

  Мақал мәтелдер нан

  Дос мақал мәтелдер  

  Отан мақал мәтелдер

  Еңбек мақал мәтелдер

  Мақал мәтелдер спорт

  Білім мақал мәтелдер

  Мақал мәтелдер жинағы

  Мақал мәтелдер отбасы

  Мақал мәтелдер туралы

  Қазақша мақал мәтелдер

  Әдептілік мақал мәтелдер

  Су туралы мақал мәтелдер

  Ата туралы мақал мәтелдер

  Мақал мәтелдер дос туралы

  Мақал мәтелдер нан туралы

  Мақал мәтелдер тіл туралы

  Ана туралы мақал мәтелдер

  Өнер туралы мақал мәтелдер

  Мақал мәтелдер отан туралы

  Еңбек туралы мақал мәтелдер

  Адамгершілік мақал мәтелдер

  Өтірік туралы мақал мәтелдер

  Достық туралы мақал мәтелдер

  Табиғат туралы мақал мәтелдер

  Туған жер туралы мақал мәтелдер

  Денсаулық туралы мақал мәтелдер




Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.